-
“Тәуелсіздіктің нұры- тұңғыш Елбасы” тақырыбында көрме
Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде 1 желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай “Тәуелсіздіктің нұры- тұңғыш Елбасы” тақырыбында көрме жасақталды. Көрмеге тұңғыш Елбасының портреті, ширек ғасырда еліміздің дамуы жолындағы жарық көрген мақалалар, брошюралар, кітаптар қойылып, аудан тұрғындарына таныстырылып, экскурсия жүргізілді.
-
“Дін-тәрбиенің рухани тірегі” тақырыбында лекция
Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің жұмыс жоспарына сәйкес “Дін мәселелері мен қоғаммен байланыс жөніндегі” КММ-нің теолог маманы Жұлдыз Жамбылқызының бірлесе ұйымдастыруымен Т.Шанов атындағы ЖОББМ-тің 7-11 сынып аралығындағы оқушыларына “Дін-тәрбиенің рухани тірегі” тақырыбында лекция оқылды. Оқушылар тарапынан қойылған сауалдарға тұщымды жауап алынды. Шараның өтуіне мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлшат Сағындыққызы, мектеп психологы Айымгүл Жұбанқызы және […]
-
«Киелі келі-келсап шежіресі» тақырыбындағы экскурсия
Айшуақ елді мекеніндегі Бек Сүлейменов атындағы мектептің 7 сынып оқушыларын Бегімбет ауылдық окугінің ауылдық клуб меңгерушісі Бисен Әлия Әбуқызы музейге арнайы экскурсияға бастап келді. Музейдің экскурсия жүргізуші А.Куанжанова экскурсия барысында ежелгі ата-бабаларымыз пайдаланған тары, бидай түюге арналған келі –келсаптары туралы «Киелі келі-келсап шежіресі» тақырыбында келі -келсап туралы кеңінен түсінік беріп, көненің көзіндей болған жәдігерлеріміз жөнінде […]
-
Қазақтың ұлттық тағамдарының адам денсаулығына пайдасы” тақырыбында көрме, лекция.
Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде “Қазақтың ұлттық тағамдарының адам денсаулығына пайдасы” тақырыбында қазақтың әрбір дәстүрлі тағамдарының денсаулыққа қажетті құндылығын, пайдасының зор екендігін, экологиялық жүйемен және шаруашылығымен тығыз байланыстылығы туралы ұлттық тағам түрлерінен көрме жасақталып, лекция оқылды.
-
«Діни сауаттылық қоғам қауіпсіздігі» тақырыбында дөңгелек үстел
Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Шалқар аудандық ішкі саясат бөлімінің дін мәселелері жөніндегі мамандарының бірлесуімен «Діни сауаттылық қоғам қауіпсіздігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шара барысында теолог маман Ж.Тлеубаева мен психолог Ә. Айтжанова қазіргі таңдағы қоғамдағы келеңсіздіктің алдын-алу, бала тәрбиесінің басты назарда болуына байланысты мәселелерге тоқталып музей қызметкерлерімен өзара ой бөлісті.
-
Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі директоры Нагима Тлембаеваның басшылығымен ерлігі ұрпақтан-ұрпаққа аңыз болып жеткен, тарихта аты өшпестей алтын әріпппен жазылған Есет Көтібарұлының кесенесіне ұйымдастырылған экспедицияға әлем дәрігері Серік Ақшолақов, музей жанынан құрылған «Тарих-халық зердесі» атты ғылыми-кеңес мүшесі Жеткерген Елемесов, әйгілі Мөңке би бабамыздың ұрпағы Қуанышбай Әлмұратов, Ақтөбе телеарнасы және музей қызметкерлері қатысты. Экспедиция барысында Есет батырға […]
-
«Біз жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында сурет көрмесі
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің, қоғамның дамуына кері әсерін тигізетін бірден-бір қауіпті фактор. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Осы орайда Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде көркем-сурет лицейі оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу және жол бермеу мақсатында сурет көрмесі ұйымдастырылды.
-
Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» тақырыбында квест
Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен №5 мектеп –лицейінің қатысуымен Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай көне құнды жәдігерлеріміздің қауіпсіздігін сақтай отырып, оқушылардың назарын аудару, ұйымшылдығын,ойлау қабілетін арттыру мақсатында «Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» тақырыбында шара квестік ойын түрінде өткізілді. Оқушылар екі топқа бөлініп, ұйымшылдықпен жасырынған жұмбақтардың шешуін тауып, «Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» тақырыбын құрастырып […]
-
Шалқар өңіріне іс-сапармен келген, ата-баба тарихына жете көңіл бөліп, қызығушылығы басым Ақтөбе облысының сот төрағасы Мергалиев Асламбек Амангельдинұлы аудан әкімі Жидеханов Жанболат Өтеғұлұлының бастамасымен Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде қонақта болып, өлкеміздің құндылықтарымен танысты.
-
Пәтуәлі ишан экспедиция
Қостамға, Пәтуәлі ишан мешітінің орны мен бейітіне саяхат. Экспедиция Шалқар қаласынан 13 шақырым қашықтықта орналасқан Тілес-Шәкей есімді ағайындылар жерленген Қостам қорымы мен Пәтуәлі ишан мешітінің орынына барумен жалғасты. Алдынан қарағанда оң жағында Тілеске, сол жағында Шәкейге арналып биік етіп, арасын қамыспен біріктіріп, саз балшықтан тұрғызылған кесене алыстан –ақ мен мұндалап тұрғандай нағыз тарихи ескерткіш дерсің. […]