-
«Елбасы жолы» дөңгелек үстел
«Елбасы жолы» дөңгелек үстел «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығына орай Ақтөбе облыстық партия филиалының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Елбасының замандастарының қатысуымен Шалқар аудандық филиалы жанындағы Үздік атанған «Музей» бастауыш партия ұйымының төрайымы Н.Ш.Тлембаеваның ұйымдастыруымен «Елбасы жолы» атты дөңгелек үстел өтті. Модератор А.Ж.Дүйісов еліміздің көшбасшы партиясының тарихымен таныстырды. Алғашқы сөзді «Құрмет белгісі» орденінің иегері, «Шалқар ауданының Құрметті […]
-
«Демеушілер музей тынысымен бірге»
«Демеушілер музей тынысымен бірге» 1.Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы -Қалыбаев Амангелді Інжілісұлы 2.«Қамқор Локомотив» Шалқар сервистік орталығының директоры- Қазбеков Есен Тотайұлы 3.«Шалқарстройсервиc» ЖСШ директоры- Әйтенов Серік Бақбергенұлы 4.Көркем-сурет лицейінің директоры-Тулеубаев Дәулетжан Бақытжанұлы 5.«Сұңқар» сауда орталығының меңгерушісі -Ноғаев Абай Сұлтанұлы 6.№8жалпы білім беретін мектеп директоры -Мусин Жаңабай Ақмырзаұлы 7.«Елдос» сауда үйінің меңгерушісі- Отарова Айкенже Әбиқызы 8.»Ә.Жангелдин атындағы […]
-
«Қазақстан-достықтың мекені»
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай музей қызметкерлерінің ұйымдастырумен салтанатты түрде «Қазақстан-достықтың мекені» атты экспозиция толықтырылып, қайта жасақталды. Мақсаты: оқушыларды Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
-
«МЕНІҢ ОТАНЫМ-ҚАЗАҚСТАН»
Көркем сурет лицейінің оқушыларының қолөнер туындыларынан жасақталған «МЕНІҢ ОТАНЫМ-ҚАЗАҚСТАН» атты сурет көрмесі өтті. Көрменің мақсаты: Отанына деген үлкен жүректілік пен патриотизмді қалыптастыру.
-
Жауһар жәдігерлер
Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі қорынан алынған әйел адамдардың қолынан тігілген, тоқылған жәдігерлерден және Шалқар аудандық «Оқушылар сарайы» ММ-нің мұражайымен бірлескен түрде «Сәндік қолданбалы» бағытында оқушылардың қолымен жасалынған бұйымдарынан «Жауһар жәдігерлер» тақырыбында өлке тарихын, бабалар мұрасын насихаттау мақсатында көрме жасақталып, көрермендерге таныстырылды.
-
Көшпелі көрменің мақсаты
Көшпелі көрменің мақсаты-киелі қасиетті Шалқар өңірінің көнеден жеткен мұралары мен өнер туындыларын, батыр бабаларымыздың тұтынған бұйымдарын, құнды жәдігерлер тарихын халыққа насихаттау, ұлттық құндылықтарымыздың кешегісі мен бүгінгісін жас ұрпақ санасына терең сіңіре отырып, Отанына деген патриоттық сезімін, сүйіспеншілігін арттыру болып табылады. Көрмеге 1855-1858 жылдардағы шаруалар көтерілісіне белсене қатысқан, батыр, би, мырза атанған Қарағұл Қонақбайұлының қылышы, 1853-1858 […]
-
Музейдегі инновациялық жаңалық
Музейдегі инновациялық жаңалық Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Цифрлық Қазақстан»мемлекеттік бағдарламасы аясында 3Д арқылы көрермендерге вертуалды экскурсия өткізілуде. Экскурсияға №3 мектеп оқушылары алғашқылардың бірі болып қатысты. Музей бөлімдерінде орналасқан экспозицияларды инновациялық жаңашыл программа арқылы қор сақтаушы А.Қуанжанова таныстырды. Музейге келушілер үлкен әсерге бөленді. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы инновациялық жаңашылдық Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейіне вертуалды экскурсия […]
-
2014-2018 жылдар бойынша қорытынды есебі
Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің 2014-2018 жылдар бойынша қорытынды есебінің салыстырмалы көрсеткіші Тарихи сырға толы киелі Шалқар өңіріндегі мәдени орын аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметін дамытудағы жұмыстарын музей директоры Н.Тлембаева соңғы 5 жыл ішінде өткен мен бүгінді уақыт талабымен үндестіре отырып, заманауи бағытпен ұштастыра жүргізуде. Осы орайда өзінің ел-жұртын, әлеумет алдындағы жауапкершілігін терең түсінетін демеушілеріміздің көмегімен алғашқы […]
-
2013-2018 жылдар бойынша қор құндылықтарының салыстырмалы есебі
Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің 2013-2018 жылдар бойынша қор құндылықтарының салыстырмалы есебі. Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі 1987 жылы ашылды. Алғашқыда ел тұрғындарынан жинақталған 500 экспонаты бар музейдің қазіргі таңдағы негізгі көрсеткіші мен мақтанышы 11 571 экспонаты бар музей қоры. Қор құндылықтарын жарнамалау, экспонаттар қорын толықтыру мақсатында 2016 жылы электрондық базаға тіркеу жұмыстары басталып, 2018 жылы аяқталды. […]
-
Жарас мерген ұрпағы Қарашолақ атамен кездесу
Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі жанынан құрылған экспедиция құрамында «Тарих-халық зердесі» атты ғылыми кеңес мүшелері, музей қызметкерлері іс –сапармен Айшуақ елді мекеніне барды.Игілікті істің бірі Жарас мерген ұрпағы бір ғасырды алқымдаған 107 жастағы Құдайберген (ел арасында Қарашолақ атанып кеткен ) қариямен кездесіп қайтты. Кездесу барысында Жарас мергеннің аңшылықпен айналысып, бір рулы елді асырауда пайдаланған мылтығын көзбен […]