Рубрика: Көрмелер

  • Қазақтың ұлттық тағамдарының адам денсаулығына пайдасы” тақырыбында көрме, лекция.

    Қазақтың ұлттық тағамдарының адам денсаулығына пайдасы” тақырыбында көрме, лекция.

    Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде “Қазақтың ұлттық тағамдарының адам денсаулығына пайдасы” тақырыбында қазақтың әрбір дәстүрлі тағамдарының денсаулыққа қажетті құндылығын, пайдасының зор екендігін, экологиялық жүйемен және шаруашылығымен тығыз байланыстылығы туралы ұлттық тағам түрлерінен көрме жасақталып, лекция оқылды.

  • «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында сурет көрмесі

    «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында сурет көрмесі

    Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің, қоғамның дамуына кері әсерін тигізетін бірден-бір қауіпті фактор. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Осы орайда Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде көркем-сурет лицейі оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу және жол бермеу мақсатында сурет көрмесі ұйымдастырылды.

  • Музей қорындағы экспонаттар тарихы

    Музей қорындағы экспонаттар тарихы

    Музей қорындағы экспонаттар тарихы

  • «Демеушілер музей тынысымен бірге»

    «Демеушілер музей тынысымен бірге» 1.Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы -Қалыбаев Амангелді Інжілісұлы 2.«Қамқор Локомотив» Шалқар сервистік орталығының директоры- Қазбеков Есен Тотайұлы 3.«Шалқарстройсервиc» ЖСШ директоры- Әйтенов Серік Бақбергенұлы 4.Көркем-сурет лицейінің директоры-Тулеубаев Дәулетжан Бақытжанұлы 5.«Сұңқар» сауда орталығының меңгерушісі -Ноғаев Абай Сұлтанұлы 6.№8жалпы білім беретін мектеп директоры -Мусин Жаңабай Ақмырзаұлы 7.«Елдос» сауда үйінің меңгерушісі- Отарова Айкенже Әбиқызы 8.»Ә.Жангелдин атындағы […]

  • «Қазақстан-достықтың мекені»

    Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай музей қызметкерлерінің ұйымдастырумен салтанатты түрде «Қазақстан-достықтың мекені» атты экспозиция толықтырылып, қайта жасақталды. Мақсаты: оқушыларды Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

  • «МЕНІҢ ОТАНЫМ-ҚАЗАҚСТАН»

    Көркем сурет лицейінің оқушыларының қолөнер туындыларынан жасақталған «МЕНІҢ ОТАНЫМ-ҚАЗАҚСТАН» атты сурет көрмесі өтті. Көрменің мақсаты: Отанына деген үлкен жүректілік пен патриотизмді қалыптастыру.  

  • Жауһар жәдігерлер

    Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі қорынан алынған әйел адамдардың қолынан тігілген, тоқылған жәдігерлерден және Шалқар аудандық «Оқушылар сарайы» ММ-нің мұражайымен бірлескен түрде «Сәндік қолданбалы» бағытында оқушылардың қолымен жасалынған бұйымдарынан «Жауһар жәдігерлер» тақырыбында өлке тарихын, бабалар мұрасын насихаттау мақсатында көрме жасақталып, көрермендерге таныстырылды.  

  • Көшпелі көрменің мақсаты

    Көшпелі көрменің мақсаты-киелі қасиетті Шалқар өңірінің көнеден жеткен мұралары мен өнер туындыларын, батыр бабаларымыздың тұтынған бұйымдарын, құнды жәдігерлер тарихын халыққа насихаттау, ұлттық құндылықтарымыздың кешегісі мен бүгінгісін жас ұрпақ санасына терең сіңіре отырып, Отанына деген патриоттық сезімін, сүйіспеншілігін арттыру болып табылады. Көрмеге 1855-1858 жылдардағы шаруалар көтерілісіне белсене қатысқан, батыр, би, мырза атанған Қарағұл Қонақбайұлының қылышы, 1853-1858 […]