«Күй құдіретіне табынған жан» тақырыбында күй кеші

Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы Шалқар ауданының Саз мектебінде Қазанғаптың киелі мұрасы мен өмірін зерттеген күйші Садуақас Балмағанбетовтың-80 жылдығына орай «Күй құдіретіне табынған жан» тақырыбында күй кеші өтті. Кештің шымылдығы Саз мектебінің оқушылар ансамбілінің орындауында «Шыныаяқ тастар» күйімен ашылды. Кеш барысында музейдің кіші ғылыми қызметкері Г.Сейлова «Тірі Қазанғап» атанған С.Балмағанбетов туралы айтып […]

Қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау

Шалқар аудандық тарихи- өлкетану музейі қазақтың ұлттық ойындарын  насихаттау мақсатында асықтарды пайдалана отырып, даланың тұңғыш қоңырауы атанған  Ы.Алтынсаринің 180 жасқа толу мерейтойына арнап  Ә.Жангельдин атындағы ЖОББМ-тің  8 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа»  бағдарламалық ойынын сайыс түрінде өткізді.

«Қазақтың этнографиялық бұйымдары-болашаққа ұмытылмас мұра» тақырыбында көрме

22 Наурыз Ұлыстың Ұлы күніне орай Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі  қорынан «Қазақтың  этнографиялық  бұйымдары-болашаққа ұмытылмас мұра» тақырыбында көрме жасақталып, көрермендер назарына ұсынылды.  

Ұлттық тағамдардың жасалу жолдарын насихаттау

Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдың  Наурыз мейрамының атаулы күндерінің бірін қазақтың қара шаңырағының құт берекесіне айналған  ұлттық тағамдарына арнағаны белгілі. Міне, осы орайда Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде ұлттық тағамдардың жасалу жолдары насихатталып, жаңа күннің бастауы саналатын 22 наурыз мерекесіне  тән жеті дәмнен жасалатын  наурыз көже ұсынылды.

20-наурыз «Зияткерлік күні»

Наурыз мейрамын мерeкелеудің он күндік тұжырымдамасы негізінде 20- наурыз «Зияткерлік күні» болып белгіленуіне байланысты  І.Үргенішбаев атындағы ЖОББМ 9 сынып оқушыларына «Менің құқықтарым, менің міндеттерім» тақырыбында лекция оқылды.  

19 наурыз  Шеберлік күні

Біздің қазіргі заманымызға дейін  жеткен асыл мұраларымыздың  бірі-қолөнер. Міне, осындай  қолөнермен айналысып  хас  шебер атанған Шалқарлық Айдос Мұратовтың  140 жылдығына  орай  артына өшпестей етіп із қалдырған шеберлігін  болашақ ұрпаққа насихаттау, үлгі ету  мақсатында  19 наурыз  Шеберлік күніне орай «Хас шебердің қайталанбас қолтаңбасы» тақырыбында  ұрпақтарымен  кездесу кеші өтті. Кешке шебердің ұрпақтары  Өталин Шамшан ата мен Мұратов […]

Ж.Таушанов  атындағы  тоғызқұмалақтан ашық турнир

Қазақстан Республикасының 30 жылдығына,Ұлыстың Ұлы күні  Наурыз мерекесіне,  Қ.Мұңайтпасұлының 150жылдығына орай ұйымдастырылған  Ж.Таушанов  атындағы  тоғызқұмалақтан ашық турнирге қатысушы Атырау облысы  Махамбет ауданы БЖСМ мен Ырғыз ауданы БЖСМ-нің  жарысқа қатысушы оқушылары жаттықтырушыларымен Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде қонақта болды.

18 наурыз «Игі істер» күні

18 наурыз «Игі істер» күніне орай Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейіне демеушілік көрсеткен тарих жанашырларының музейге жасаған демеушілік істері туралы болашақ жас буын өкілдеріне насихаттау мақсатында ауданымыздағы  Ж.Таушанов  атындағы  тоғызқұмалақтан ашық турнирге қатысушы оқушылармен  дөңгелек үстел өткізілді.

17 наурыз «Тарихқа  тағзым» күні

17 наурыз «Тарихқа  тағзым» күніне орай  Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде №5 мектеп лицейінің «Адал ұрпақ» клубының  оқушыларына  экскурсия жүргізуші А.Куанжанова «Сайын даланың  мақтаны болған Сарайшық»  тақырыбында лекция оқыды.