Cергіту cәті

Мемлекеттік мекемеде жұмыс жасайтын қызметкерлердің карантиндік шектеу шараларын ескере отырып, көңіл сергіту мақсатында Шалқар аудандық тарихи – өлкетану музейінде жоспарлы түрде көңіл сергіту, жұмыс барысында ынта-жігерлерін арттыру тимбилдинг әдісімен іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысушы мекеме қызметкерлеріне музей ішіндегі құнды жәдігерлер таныстырылып, экскурсия ұйымдастырылды.

Көркейе бер, туған жер

Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңындағы апталық жұмыс жоспарына сәйкес қаламыздағы Қазанғап атындағы саз мектебінің домбыра классының мұғалімі Гүлшат Елтежімен бірлесе ұйымдастыру арқылы «Көркейе бер, туған жер» тақырыбында кеш өтті. Кештің мақсаты: ➢ оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру; ➢ өлкемізден шыққан ұлыларымыздың өнегелі өмірін үлгі ету; Кеш барысында музейдің […]

Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» тақырыбында квест

Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен №5 мектеп –лицейінің қатысуымен Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай көне құнды жәдігерлеріміздің қауіпсіздігін сақтай отырып, оқушылардың назарын аудару, ұйымшылдығын,ойлау қабілетін арттыру мақсатында «Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» тақырыбында шара квестік ойын түрінде өткізілді. Оқушылар екі топқа бөлініп, ұйымшылдықпен жасырынған жұмбақтардың шешуін тауып, «Тіл ғұмыры – ұлт ғұмыры» тақырыбын құрастырып […]

«Арманы бөлек, жігерлі жүрек, ару ана» тақырыбында сұхбат

8-Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі күніне орай жеке кәсіпкер Кожабаева Айбану Нурсултановнамен «Арманы бөлек, жігерлі жүрек, ару ана» тақырыбында сұхбат

«Музей-рухани құндылықтар мекені» тақырыбында виртуалды экскурсия

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына аясында Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде қаламыздағы №8мектептің  5-7 сынып оқушыларына арналған  қазіргі таңдағы  шектеу жағдайына байланысты «Музей-рухани құндылықтар мекені» тақырыбында ZOOM флатформасында  3Д форматында виртуалды экскурсия жүргізіліп, музей бөлімдерімен таныстырылды.

«Музей» бастауыш партия ұйымының жиналысы

Бүгін  Zoom платформасы арқылы «Музей» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті.Бірлік пен бейбітшіліктің басты ұстанымы болған «Нұр Отан» партиясының мүшелері жылдан-жылға жастармен толығып отырады. Бұл дегеніміз — Тәуелсіз еліміздің нағыз патриоттарының өсіп-өркендеп келе жатқандығы.

Шалқар көлін тазалау жұмыстары

Шалқар өңірінің інжу-маржаны саналатын Шалқар көлінің түбінде батпақ қабаттары мен шөгінділердің, айналасында ну қамыстың пайда болуы, көлдің тартылуы ел назарының алаңдатушылығын туғызған болатын. Осы жылы маңызды мәселе өзінің оң шешімін тауып, қазіргі таңда «ТОLAGAI-2050» ЖШС тарапынан тазалау жұмыстары жүргізілуде. Шалқардың тарихының бастауы саналатын айдынды көлімізде атқарылып жатқан шараларға Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері өз көздерімен […]

«Ұлт денсаулығы — біздің басты болашағымыздың негізі»

«Ұлт денсаулығы — біздің басты болашағымыздың негізі» Ақтөбе облысы бойынша 1995 жылы 31 тамызда шыққан ҚР Президент Жарлығымен ҚР-ның «Құрмет грамотасы» иегері  атанған көз дәрігері  Қоңыратбаев Көлбай Жұбанұлы туралы бейнеролик