Жылы жүрек

Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі “Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві” КММ Шалқар филиалымен бірлескен түрде «Салт дәстүрі жараса, Наурыз келді жаңаша» Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін тойлауға арналған онкүндігі аясында 18 наурыз Игі істер күніне орай қаламыздағы аз қамтылған отбасылар тұратын жатақхана тұрғындарына жүрек жылылығын сезіндіру, қарттарымызды Наурыз мерекесімен құттықтау мақсатында ұлттық тағам наурыз көже таратылып, қазыналы […]

Қазақтың ұлттық тағамы — ет

14 Наурыз – Сарқыт күніне орай Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен 2022 жылғы «Салт дәстүрі жараса, Наурыз келді жаңаша!» Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын тойлауға арналған тұжырымдама негізінде «Қазақтың ұлттық тағамы — ет» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді. Шара барысында Шалқар қаласының тұрғыны, көп балалы ана Р.Зекенова қамыр жайып, қазақтың ұлттық тағамы — ет асу дәстүрін […]

14 Наурыз – Көрісу мейрамы.

14 Наурыз – Көрісу мейрамы. Қыстың аяқталып, көктемнің басталған күні. Осы орайда Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен 2022 жылғы «Салт дәстүрі жараса, Наурыз келді жаңаша!» Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын тойлауға арналған «Көрісу — имандылыққа негіз салған мереке» тақырыбында көрісу мерекесі қарсаңында қала мектептерінің оқушылары ата-аналарымен және «Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві» КММ Шалқар филиалының басшысы […]