-
Қазанғаптың Ақбауырдағы бейіті
Қазанғаптың Ақбауырдағы бейіті Қазанғап Тілепбергенұлы (1854 – 1921) – қазақтың әйгілі күйші -композиторы. Шежіре дерегі бойынша, Ұлы жүз Ақарыстан тараған ұрпақтың бірі — Кейкі би, одан Төбей туған. Төбейден Майқы, Қоғам, Мекіре, Құйылдар деген төрт ұл туады. Осылардың Қоғамынан Қаңлы мен Шанышқылы туған.Шанышқылыдан Қорбақа, Дарқан, Қырықсадақ, Бектау деген төрт ұл туады. Осылардың ішіндегі Қырықсадақтан Қазанғаптың […]
-
Бақтыбай Төлесұлының ескерткіші
Бақтыбай Төлесұлының ескерткіші Әрі батыр, әрі би болған, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Тама Есет, Тайлақ батырлармен, Төле, Қазыбек, Әйтеке билермен замандас болған баба ескерткіші. Орналасқан жері №2 мектеп гимназиясы алдындағы алаңға 2000 жылы қойылған.
-
Ахмет Жұбанов
Ахмет Жұбанов (1906-1968жж) Ахмет Жұбанов — Қазақ ғылым академиясының академигі, өнертану ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның халық артисі, композитор, дирижер Ахмет Жұбановтың ескерткіші. Орналасқан жері аудандық мәдениет үйінің алды.