-
Cергіту cәті
Мемлекеттік мекемеде жұмыс жасайтын қызметкерлердің карантиндік шектеу шараларын ескере отырып, көңіл сергіту мақсатында Шалқар аудандық тарихи – өлкетану музейінде жоспарлы түрде көңіл сергіту, жұмыс барысында ынта-жігерлерін арттыру тимбилдинг әдісімен іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысушы мекеме қызметкерлеріне музей ішіндегі құнды жәдігерлер таныстырылып, экскурсия ұйымдастырылды.
-
Шалқар аудандық қазынашылық басқармасының қызметкерлеріне экскурсия
Ата-бабаларымыздың, өлкеміздің кенен тарихын білу мақсатында аудан тұрғындары, Шалқар аудандық қазынашылық басқармасының қызметкерлері туған елінің «тірі шежіресіндей» болған Шалқар ауданындық тарихи-өлкетану музейіне келіп, құнды жәдігерлермен танысты.
-
«Шара Жиенқұлова – қазақ би өнерінің ханшайымы» тақырыбында лекция
Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ленин, екі мәрте Еңбек Қызыл ТУ, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, биші — Шара Жиенқұлованың 110 жылдығына орай №6 жалпы орта білім беретін мектептің 7 сынып оқушыларына сынып жетекшісі А.Исмагулованың жетекшілігімен музейдің кіші ғылыми қызметкері Г.Сейлова «Шара Жиенқұлова – қазақ би өнерінің ханшайымы» тақырыбында лекция оқып, […]
-
«Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы, ғажап ел!» тақырыбында қызық екен … бағдарламасы
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесін атап өтуде атқарылып жатқан іс-шаралардың бірі музей ұжымы қызметкерлерімен «Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы, ғажап ел!» тақырыбында қызық екен … бағдарламасы өткізілді. Қызметкерлер екіге бөлініп, берілген тарихи-логикалық сұрақтардың шешуін бір-бірімен ақылдаса отырып тапты. Ойын барысы қызықты сәттерге толы болып, өз шеңберінде көңілді өтті.
-
QR штрих-коды
Киелі Шалқар ауданына табан тіреген меймандарға құндылықтарымызды дәріптеп, насихаттау мақсатында тарихи ескерткіштер мен киелі орындарға QR штрих-коды бар тақтайшалар орнатылуда. Сонымен қатар «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде де көрермендерге қолжетімді болу үшін, Шалқар ауданының картасы түсірілген стентке QR коды бар тарихи ескертіштердің суреттері орналастырылып, QR код оқитын арнайы […]
-
Көркейе бер, туған жер
Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңындағы апталық жұмыс жоспарына сәйкес қаламыздағы Қазанғап атындағы саз мектебінің домбыра классының мұғалімі Гүлшат Елтежімен бірлесе ұйымдастыру арқылы «Көркейе бер, туған жер» тақырыбында кеш өтті. Кештің мақсаты: ➢ оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру; ➢ өлкемізден шыққан ұлыларымыздың өнегелі өмірін үлгі ету; Кеш барысында музейдің […]
-
“Тәуелсіздіктің нұры- тұңғыш Елбасы” тақырыбында көрме
Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде 1 желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай “Тәуелсіздіктің нұры- тұңғыш Елбасы” тақырыбында көрме жасақталды. Көрмеге тұңғыш Елбасының портреті, ширек ғасырда еліміздің дамуы жолындағы жарық көрген мақалалар, брошюралар, кітаптар қойылып, аудан тұрғындарына таныстырылып, экскурсия жүргізілді.
-
«Бабалар ерлігі ұрпақ жадында» атты аудандық семинар
Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұрпақтар жадында ата –бабаларымыздың өмір жолдары мен ерлік істерін болашақ ұрпақтарымызға насихаттау, жастарды ел мен жерін сүю, патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында 2021жылы 24 қараша күні Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі жанынан құрылған «Тарих-халық зердесі» атты ғылыми кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес кеңес төрағасы Н.Ш.Тлембаеваның ұйымдастыруымен Әлім тайпалық бірлестігінде аты әйгілі […]
-
“Дін-тәрбиенің рухани тірегі” тақырыбында лекция
Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің жұмыс жоспарына сәйкес “Дін мәселелері мен қоғаммен байланыс жөніндегі” КММ-нің теолог маманы Жұлдыз Жамбылқызының бірлесе ұйымдастыруымен Т.Шанов атындағы ЖОББМ-тің 7-11 сынып аралығындағы оқушыларына “Дін-тәрбиенің рухани тірегі” тақырыбында лекция оқылды. Оқушылар тарапынан қойылған сауалдарға тұщымды жауап алынды. Шараның өтуіне мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлшат Сағындыққызы, мектеп психологы Айымгүл Жұбанқызы және […]
-
«Қазақстандағы темірдің игерілуі» тақырыбында ат әбзелдері туралы мәлімет
«Қазақстандағы темірдің игерілуі» тақырыбында ат әбзелдері туралы мәлімет алу мақсатында № 4 мектептің 5«а» сынып және №1 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушылары «Туған өлке тарихы» тақырыбымен музейге келіп, оқушыларға экскурсия жүргізіліп, мол мәлімет берілді.