Ораза айт



Мұсылман қауымына отыз күндік оразадан соң келетін рухани тазару мен кемелденуге жол ашатын Рамазан айын ұлықтаған Шалқар елі ораза айт 2022 мерекесін Матай Қоқанұлы мешітінің ұйымдастыруымен орталық алаңда Айттың алғашқы күнін кең көлемде атап өтті.Алаңда киіз үйлер тігіліп, спорттық ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шарада киелі тарихи орын Шалқардың өткені мен бүгінінен сыр шертетін Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі арнайы тігілген киіз үйді толығымен жабдықтап, Шалқар халқының назарына ұсынды.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *