«Құлпытасты сөйлетсек … нақты дерек» тақырыбында дөңгелек үстел



«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы аясында 18 сәуір Тарихи ескерткіштер күніне орай Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің жұмыс жоспарына сәйкес қаламыздағы №6 жалпы білім беретін орта мектебінің 10 «а»және «б» сынып жетекшілері А.Жолдасова, А.Көздібаевамен бірлескен түрде «Құлпытасты сөйлетсек … нақты дерек» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге музей жанынан құрылған «Тарих-халық зердесі» атты ғылыми кеңес мүшесі, ардагер ұстаз Әлжанов Самат Өтеуұлы шақырылды. Бала күнінен атасынан төте жазуды үйреніп, құлыптастардағы жазуды оқуға машықтанған Самат Өтеуұлы өзінің тәжірибесімен ой бөлісіп, төте жазудың оқылу жолдарын түсіндіріп, оқушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Шара соңында Самат Өтеуұлы қатысушыларға қазақтың қара домбырасымен көңілді күмбірлеген күй сыйлады. Оқушыларға өткен тарихымызды, салт -дәстүрімізді, өнерімізді ұмытпауға, дәріптеуге бастау мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстел оқушыларға үлкен ой тастағандай әсер қалдырды.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *