Уықты басқұр ұстай¬ды, халықты дәстүр ұстайды



Халқымызда «Уықты басқұр ұстай¬ды, халықты дәстүр ұстайды» деген тамаша тәмсіл бар. Шындығында солай. Қай ұлттың да ерекшелігін, оның қарым-қабілетін, тегін салт-дәстүрінен білуге болады. Дәстүрге берік ел ешқашан азбайды да, тозбайды.
Міне, осы орайда Шалқар аудандық тарихи –өлкетану музейінің жұмыс жоспарына сәйкес «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы аясында №1 мектеп –гимназиясымен бірлесе ұйымдастыру барысында 3 сынып оқушыларының қатысуымен «Уықты басқұр ұстай¬ды, халықты дәстүр ұстайды» тақырыбында мәдени шара өткізілді. Шара барысында қазақ халқының сүйінші сұрау, бесікке салу, арқан тартыс және ұлттық ойындарынан көріністер көрсетіліп, ән мен күй, билер орындалды


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *