Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі “Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві” КММ Шалқар филиалымен бірлескен түрде «Салт дәстүрі жараса, Наурыз келді жаңаша» Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін тойлауға арналған онкүндігі аясында 18 наурыз Игі істер күніне орай қаламыздағы аз қамтылған отбасылар тұратын жатақхана тұрғындарына жүрек жылылығын сезіндіру, қарттарымызды Наурыз мерекесімен құттықтау мақсатында ұлттық тағам наурыз көже таратылып, қазыналы қарттарымыз ризашылығын білдіріп, батасын берді.