«Мәдени мұра» мемлкеттік бағдарламасы Қазақстанның әлемдік деңгейде өркендеуінің дәлелі. Тарихи-мәдени мұраларымыздан хабардар етіп, ескерткіштер туралы оқушыларға мағлұмат беру, көненің көзі, болашаққа аманат екенін түсіндіру мақсатында №3 жалпы орта білім беретін мектептің 6 «Б» сыныбының оқушыларымен «Өлкенің тарих көшінен» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Туған өлкеміздің аумағында орналасқан, ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін Балғасын күмбезі, Аққолқа бейітінің сәуелеттік құрылыс нысандарымен, оның тарихымен танысты.
Өлкенің тарих көшінен
