14 Наурыз – Сарқыт күніне орай Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен 2022 жылғы «Салт дәстүрі жараса, Наурыз келді жаңаша!» Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын тойлауға арналған тұжырымдама негізінде «Қазақтың ұлттық тағамы — ет» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді. Шара барысында Шалқар қаласының тұрғыны, көп балалы ана Р.Зекенова қамыр жайып, қазақтың ұлттық тағамы — ет асу дәстүрін дәріптеді.