3Д форматындағы виртуалды экскурсия, электрондық база



Тәуелсіздік белесінде Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі алға қарай дамып, инновациялық технологияларды қолданып келеді. Музей қорындағы жәдігерлерді электрондық базаға тіркеу арқылы кеңінен таныту, насихаттау, 3Д форматындағы виртуалды экскурсия жүргізу мүмкіндігі қолжетімді. Осы орайда музей қызметкерлері жұмыс жоспарына сәйкес Шалқар ауданы, Байқадам ауылдық округіндегі Қорғантұз жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларына музей ішіне виртуалды экскурсия жасап, музейдегі экспонаттардың электрондық базасымен таныстырды. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына арнап жасалған стенд, шежіреміздің жинағы саналатын кітап көрмесі жасақталып, өскелең жас ұрпаққа Еліміздің сын сағаттында жеткен жетістіктері баяндалып, келе жатқан Ұлы мерекемен құттықтады!


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *