14 Наурыз – Көрісу мейрамы. Қыстың аяқталып, көктемнің басталған күні. Осы орайда Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен 2022 жылғы «Салт дәстүрі жараса, Наурыз келді жаңаша!» Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын тойлауға арналған «Көрісу — имандылыққа негіз салған мереке» тақырыбында көрісу мерекесі қарсаңында қала мектептерінің оқушылары ата-аналарымен және «Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві» КММ Шалқар филиалының басшысы Жұмабекова Балқұйған Баймұратқызы басқарған мекеме қызметкерлері музей қызметкерлеріне амандық тілеп, «бір жас қосуыңызбен» деген ниет тілек айтылып, амандық саулық сұрастырылып, көрісу рәсімі жасалды.