Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің кіші ғылыми қызметкері Г.Сейлова мен Шалқар аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Н.Ерниязованың бірлесе ұйымдастыруымен Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Елбасы — Тәуелсіздіктің кепілі» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға Шалқар аудандық сотының төрағасы О.Бақтыгереев, судья С.Дәріқұлова, кеңсе жетекші маманы А.Сәрсенбай, кеңсе меңгерушісі Н.Ерниязова және сот мамандары мен музей қызметкерлері қатысты.
Шара барысында сот төрағасы О.Бақтыгереев алғы сөз сөйлеп, тарих пен заңның ұштасар тұстарына, хан мен билеріміздің ұлағатты сөздері мен істерінің ұрпақтар үшін аса қажет екендігіне тоқталды. Сонымен қатар судья С.Дәріқұлова «Тәуелсіздік – тұғыры берік текті елдің жеңісі» тақырыбынде эссе, кеңсе жетекші маманы АСәрсенбай Әлем Әсетұлының «Тәуелсіздік тұғыры» атты өлеңін оқып, кеш соңында шараға қатысушыларға музей бөлімдеріне экскурсия жасалды.