Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұрпақтар жадында ата –бабаларымыздың өмір жолдары мен ерлік істерін болашақ ұрпақтарымызға насихаттау, жастарды ел мен жерін сүю, патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында 2021жылы 24 қараша күні Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі жанынан құрылған «Тарих-халық зердесі» атты ғылыми кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес кеңес төрағасы Н.Ш.Тлембаеваның ұйымдастыруымен Әлім тайпалық бірлестігінде аты әйгілі болған тарихи тұлға Ақкісі баба мен XIX ғасырдың 30-40 -шы жылдары аралығында патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы күрескен – ел қаһарманы Қайдауыл Едігеұлының құрметіне «Бабалар ерлігі ұрпақ жадында» атты аудандық семинар өтті.
Аудандық семинар барысында:
«Бабалар ерлігі ұрпақ жадында» атты экспозициясын салтанатты түрде ашылу рәсімі;
«Ерліктері мәңгілік ел жадында» дөңгелек үстел;
«Тарихтың жаңғырығын жырлаған» тақырыбында «Ақкісі» энциклопедиясының, «Үш ғасыр перзенттері», «Зұлмат пен үрей: зобалаң автономиясы» кітаптарының авторы З.Байдосов құрметіне көрме жасақталды.
Аудандық семинарға:
Тарихшы, ғалым, профессор, баба ұрпағы, З.Байдосовтың зайыбы Байдосова Айбарша;
«Нұр Отан» партиясы Шалқар аудандық филиалының консультанты;
Шалқар ауданының Байқадам елді мекенінен баба ұрпақтары: Піралин Жәрдемберген, Манасов Бисенқұл;
Музей жанынан құрылған «Тарих-халық зердесі» атты ғылыми кеңес мүшелері, музей қызметкерлері мен мектеп оқушылары қатысты.
Семинар барысында арнайы қонаққа шақырылған Байдосова Айбарша музей қорына тарихшы, ғалым, профессор, баба ұрпағы З.Байдосовтың 7 томдық туындысын жазғанда пайдаланған қаламы мен «Нұр ғасыр» мешітін салғанда мешіт архитекторының сыйға тартқан сувенирін музей қорына естелік ретінде сыйға тапсырды.