
Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңындағы апталық жұмыс жоспарына сәйкес қаламыздағы Қазанғап атындағы саз мектебінің домбыра классының мұғалімі Гүлшат Елтежімен бірлесе ұйымдастыру арқылы «Көркейе бер, туған жер» тақырыбында кеш өтті.
Кештің мақсаты:
➢ оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру;
➢ өлкемізден шыққан ұлыларымыздың өнегелі өмірін үлгі ету;
Кеш барысында музейдің қор сақтаушы қызметкері А.Куанжанова Шалқардың өткені мен бүгінін оқушыларға таныстыру мақсатында «Шежіреге толы Шалқарым» тақырыбында лекция оқып, тарихи деректермен шолу жасады.
Кеш барысында Саз мектебінің өнерлі ұстаздары мен оқушылары қазақтың музыкалық аспаптары: жетіген, домбыра, дауылпаздармен өз өнерелерін ортаға салып, кішкентай бүлдіршіндер туған жер туралы ән айтып, өлеңдер оқыды. Концерттік бағдарламадан соң музей бөлімдеріне экскурсия жасалды.