Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Шалқар аудандық ішкі саясат бөлімінің дін мәселелері жөніндегі мамандарының бірлесуімен «Діни сауаттылық қоғам қауіпсіздігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шара барысында теолог маман Ж.Тлеубаева мен психолог Ә. Айтжанова қазіргі таңдағы қоғамдағы келеңсіздіктің алдын-алу, бала тәрбиесінің басты назарда болуына байланысты мәселелерге тоқталып музей қызметкерлерімен өзара ой бөлісті.
«Діни сауаттылық қоғам қауіпсіздігі» тақырыбында дөңгелек үстел
