Байғанин аудандық музейінде өткізілген «Тарихы кенен, тамыры терең, болашағы кемел өлкем» атты облыстық көшпелі семинар – практикум
ҚР-ның Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Тұңғыш елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Байғанин аудандық музейінің ұйымдастыруымен облысымыздағы аудандық музейлердің қызметкерлерінің қатысуымен «Тарихы кенен, тамыры терең, болашағы кемел өлкем» атты облыстық көшпелі семинар – практикум өткізілді. Семинарға қатысушы музей қызметкерлері аудандық мәдениет үйінің Қазанғап атындағы ансамбль мүшелері күмбірлеген күймен қарсы алып, шағын фуршет және шығармашылық орталықтың көшпелі көрмесі тамашалады.
Семинар – практикум Байғанин ауданы аумағында орналасқан «Едіге жалы» бейітіне экспедиция ретінде археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуші археологтардың жұмыс барысымен танысумен жалғасты.
Экспедициядан соң шара қонақтары Байғанин аудандық музейінде қолөнер шеберлерінің туындыларымен, музей экспозицияларымен танысып, аудан тарихы мен ескерткіштерін заманауи электронды, сенсорлы монитор арқылы тамашалап, өзара тәжірибе алмастырды.