Ақкісі бабамыздың рухына бағышталған ас беруге арналған шара, экспедиция.


ҚР-ның Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Тұңғыш елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2021жылдың 23 қазанында Арал қаласындағы әулие, белгілі би, тарихи тұлға 1640-1733жылдары өмір сүрген Ақкісі бабамыздың жаңартылған кесене басына Ақтөбе, Қызылорда облыстарындағы ұрпақтары бірлесе ұйымдастырған экспедицияға Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері қатысты.
Экспедиция барысында тарихи тұлға Ақкісі би туралы тарихи деректер жиналып, баба ұрпағы тарих ғылымының кандидаты , доцент З.Байдосовтың төрт томдық «Зұлмат пен үрей», «Ақкісі» энциоклопедиясы, «Үш ғасыр перзенттері» екі томдық кітаптары,баба портреті музей қорына сыйға тапсырылды.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *