Қостамға, Пәтуәлі ишан мешітінің орны мен бейітіне саяхат.
Экспедиция Шалқар қаласынан 13 шақырым қашықтықта орналасқан Тілес-Шәкей есімді ағайындылар жерленген Қостам қорымы мен Пәтуәлі ишан мешітінің орынына барумен жалғасты. Алдынан қарағанда оң жағында Тілеске, сол жағында Шәкейге арналып биік етіп, арасын қамыспен біріктіріп, саз балшықтан тұрғызылған кесене алыстан –ақ мен мұндалап тұрғандай нағыз тарихи ескерткіш дерсің.
Бұл қорымда Есет Көтібарұлының әйелі Балсарының, Көтібар батырдың баласы Сатай батырдың тастан өрілген кесене басына қайтадан белгі қоюда экспедиция мүшесі Бекжанов Нұрлыбектің еңбегі де орасан зор екенін халыққа паш етуді жөн көрдік.
Сонымен қатар қайтар жолда Қозыайдар баласы (Мұханбетуәлі) Пәтуәлі ишан мешітінің орнына, бейітіне ат басын тіреп ишанның мешітінің орнын көзбен көріп, бейіт басында әруақтарға құран бағышталды.
Біз музей қызметкерлері экспедиция барысында байқағанымыз қай жердегі қорымға барсақ та қорымдар қоршалмаған, сынған құлыптастар онсыз да бірнеше ғасырларды алқымдаған, одан қалды жел -құздан мүжілген ескерткіштеріміз жойылудың алдында тұрғаны қынжылтады. Сондықтан өз ауданымыздың аймағындағы барлық тарихи есктеркіштер мен кесенелерді, бейіттерді аяқ асты асты ептей, малдың таптауына жол бермей қоршаулар жасап қамқорлыққа алсақ деген ой тастауды жөн көрдік. Тарихи ескерткіштерді болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдыруда ел жақсылары осы жайтты ескерусіз қалдырмаса деген ойдамыз.