Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі директоры Нагима Тлембаеваның басшылығымен ерлігі ұрпақтан-ұрпаққа аңыз болып жеткен, тарихта аты өшпестей алтын әріпппен жазылған Есет Көтібарұлының кесенесіне ұйымдастырылған экспедицияға әлем дәрігері Серік Ақшолақов, музей жанынан құрылған «Тарих-халық зердесі» атты ғылыми-кеңес мүшесі Жеткерген Елемесов, әйгілі Мөңке би бабамыздың ұрпағы Қуанышбай Әлмұратов, Ақтөбе телеарнасы және музей қызметкерлері қатысты. Экспедиция барысында Есет батырға құран бағышталып, музей жанынан құрылған «Тарих-халық зердесі» атты ғылыми-кеңес мүшесі Жеткерген Елемесов өзінің білетін, оқыған кітаптарынан Есет батырдың шығу тегіне, ата-бабасының ерлігіне, батырлығына тоқталып, әңгіме өрбітті. Тарихтың бір парағынан үзінді шертіліп, сан-сауалдың түйіні шешілгендей болды.