Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің жұмыс жоспарына сәйкес 9 мамыр Жеңіс мерекесіне орай Шалқарлық соғыс ардагерлерінің ерлігін насихаттау, кейінгі ұрпақтарды Отанына деген патриоттық рухтарын ояту мақсатында Шалқар аудандық полиция бөлімі мекемесінде «Жүректе сызы қалған сұм соғыс» тақырыбында жылжымалы көрме жасақталды. Көрмеге соғыс ардагерлерінің құжаттары, орден, медальдары және пайдаланған заттары қойылып, музейдің экскурсия жүргізушісі А.Куанжанова экскурсия жасады.
«Жүректе сызы қалған сұм соғыс»
