«Тарих-халық зердесі»


Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл, Қажымұқан Мұңайтбасұлының 150 жылдығымен тұспа-тұс келген Шалқар ауданының құрметті азаматы, Самбо күресінен Ақтөбе облысы бойынша тұңғыш спорт шебері, гир спортынан ардагерлер арасындағы Әлем Европа чемпионы, музей жанынан құрылған «Тарих-халық зердесі» атты ғылыми кеңес мүшесі, ардагер Төлебаев Аманғали Төлебайұлының 80 жасқа толуына орай өткен семинардың жалғасы №2 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебіндегі облыстық ашық жасөспірімдер арасындағы турнир түрінде ұйымдастырылды. Турнирге Нұр-Сұлтан қаласы, Орал облысы, Қызылорда облысы, Ақтөбе облысынан 2007-2008, 2009–2010 жылы туылған 125-тен астам жасөспірімдер қатысты. Спорттық шараға қатысушы, жас палуандардың белдесуінде жеңімпазбен, жүлдегерлерді анықтайтын бас төреші, қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы Ақтөбе облысының аға жаттықтырушысы Естаев Жанболат Базарбекович қатысты. Шара барысында Шалқар ауданының әкімі Жидеханов Жанболат Өтеғұлұлы құттықтау сөз сөйлеп, құттықтау папкасы мен Қажымұқан Мұңайтбасұлының 150 жылдығына арналған естелік медальдары табысталды.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *