Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Бозоқ» мемлекеттік тарихи – мәдени музей – қорығы» РМҚК Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесіп, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында өңірлік мұражайлар арасында «Нәубетті жылдар зобалаңы жадымызда» тақырыбында телекөпірі ұйымдастырылды. Телекөпірге «Бозоқ» мемлекеттік тарихи–мәдени музей қорығының директоры Сәуле Бурбаева, т.ғ.д., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Арайлым Мұсағалиева және онлайн форматта с.ғ.д., қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы, т.ғ.к., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті Саясаттану кафедрасының доценті Теңгеш Қаленова, сонымен қатар өңірлердің мәдениет басқармаларының өкілдері, музей қызметкерлері, жастар ұйымының көсбасшылары қатысты. ZOOM платормасы арқылы онлайн режимде «Саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу»күніне орай Шалқар ауданы бойынша қуғын- сүргінге ұшыраған құрбандар туралы Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің қор сақтаушы қызметкері Әсемгүл Асқарқызы баяндама жасап, телекөпір нәтиежиесінде «Сертификат» иеленді.
«Нәубетті жылдар зобалаңы жадымызда»
