Шалқар аудандық тарихи- өлкетану музейінде ҚР Конституция күніне арналған «Конституция-ата заңымыз» атты дөңгелек үстел өтті. Аталған шара музей қызметкерлерімен Шалқар ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері арасында және Шалқар аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Нұржамал Ерниязованың онлайн форматында қатысумен өтті. Шараны аудандық музейдің кіші ғылыми қызметкері Гүлсара Сейлова кіріспе сөзбен ашып, шара қонақтарын келе жатқан мерекемен құттықтады. Сонымен қатар Шалқар аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Нұржамал Ерниязова онлайн форматында лекция оқып, Ата заңымыз — ел тәуелсіздігіміздің ажырамас бөлігі, мемлекетіміздің басты белгісі, елімізде салтанат құрған тұрақтылықтың, бейбіт өмірдің кепілі екенін атап өтті.
«Конституция-ата заңымыз»
