Генерал-лейтенант Жанасаев Болат Бақытжанұлы ата-анасының кіндік қаны тамған киелі де қасиетті Шалқар ауданымен тығыз қарым –қатынаста


Генерал-лейтенант Жанасаев Болат Бақытжанұлы ата-анасының кіндік қаны тамған киелі де қасиетті Шалқар ауданымен тығыз қарым –қатынаста. Ауданымыздағы тарихи- мәдени орталық Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде өлкеміздің мақтанышы Болат Бақытжанұлының тапсырған құжаттары мен фото суреттерінен арнайы экспозиция жасақталып, көрермендерге насихатталуда.

Сонымен қатар еліміздің мақтанышы Болат Жанасаев білім ошақтарымен де етене араласып жұмыс жасауда. Соның бір айғағы 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесі қарсаңында №4 жалпы орта білім беретін мектебінде жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында Болат Жанасаев атындағы алғашқы әскери дайындық кабинетінің ашылуы. Кабинеттің ашылу салтанатына аудан басшылары, әскери қызметкерлер, Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі арнайы шақырылып, қонақта болды.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *