«Ел ардақтылары – әкелер» жинағы музей қорына табысталды.


Ғұмыр бойы адал еңбек етіп, көпшілікке үлгі болған ардақты азаматтардың ешкімге ұқсамайтын ғибратты өмірі жайлы очерктер топтастырылған «Ел ардақтылары » сериясы 2011жылдан бері жарық көріп келе жатқаны белгілі.
ҚР-ның Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021жылғы «Ел ардақтылары – әкелер» тақырыбындағы кітап жалғасында ғазиз есімі Шалқар халқының есінен ешқашан өшпейтін, тұғырлы тұлғалар қатарынан табылатын, ауданымыздың мақтанышы, Ұлы Отан соғысының ардагері, 101-ші ұлттық атқыштар бригадасының құрамында пулеметші, Прикарпатия әскери округінің ұшқышы болған Қуандық Ақшолақов есімі енгізілген. Кітапта Алатаудай асқақ әкенің асыл бейнесін сағынған, әкені ардақтаған, кейінгі ұрпаққа үлгі ете білетін өзінің тектілігін көрсетіп, мақтаныш тұтқан қазақ медицинасының мақтанышы, Қазақстанның Еңбек Ері Серік Ақшолақов өзіндік шынайы ой пікірін білдірген.
Туған жерге ат басын тірей қалса киелі орын музейді жанына ыстық көретін, қолда бар экспонатын музейге тапсыруды әдетке айналдырған Қуандықұлы Серік ағамыздың сәлемдемесі ретінде кітапты Шалқар ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Ақшолақов тарихи орын музейге тапсырды.
Тағылымы мол тың жобаны музей жанынан құрылған «Тарих-халық зердесі» атты ғылыми кеңес мүшесі Ж.Елемес және мекеме қызметкерлері талқылап, музей экспозициясына орналастырылды. туған өлкеміздің тарихын, өткені мен бүгінін сабақтастыруда сол арқылы музей қорын толықтыруда қосқан үлесі үшін жерлесіміз Серік Ақшолақовқа айтар алғысымыз шексіз.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *