Арыстан Тінәліұлының 250 жылдығына орай батырдың кесенесіне экспедиция
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің жұмыс жоспарына сәйкес Арыстан Тінәліұлының 250 жылдығына орай батырдың кесенесіне экспедиция ұйымдастырылды. Экспедицияға «Nur Otan» партиясы Шалқар аудандық филиалының консультанты Мұрсалов Нұрболат, «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері Құлмұратов Айбол, Болатбаева Айдана, музей жанынан құрылған «Тарих-халық зердесі» атты ғылыми кеңес мүшелері Әлжанов Самат , Бекжанов Нұрлыбек және музей қызметкерлері қатысты. Тарих пен шежіреге деген қызығушылығы жоғары Әлжанов Самат пен Бекжанов Нұрлыбек Арыстан батыр қорымындағы Көтібар әкесі Бәсен, Арыстан батыр балалары Тоған мен Сидақтың, әйгілі Уақбай баласы Тотан байдың, Мырзағұлдың анасы Жаулыбайдың бәйбішесі Дәрінің бейіттерін көрсетіп, экспедиция мүшелеріне өз білгендерін айтып, құлыптастардағы жазуларын оқып , мол мағлұмат берді.
Арыстан Тінәліұлының 250 жылдығына орай батырдың кесенесіне экспедиция
