«Әкеге бағыну – тәңірге бағыну» деп әкені дәріптеген. Ендеше, бүгінгі «Әке – шаңырақтың негізгі тірегі» атты Zoom форматында өткен телекөпір арқылы әкенің бала өміріндегі рөлі, есте сақталған естеліктері, адамның келешегіне сенімділігі – баланың әкесін ардақ тұтып, өзінің перзенттік парызын бір сәтке де есінен шығармауы, болашақ жас ұрпақты тәрбиелеудегі берілген кеңес.
Шарамыздың құрметті қонақтары Тәуелсіз мемлекетіміздің дамуына зор үлес қосып жүрген отбасында үлгілі әке, жастарға өнегелі із салар азаматтар:
1) Медицина ғылымдарының докторы, профессор – Сәлім Беркінбаев;
2) Медицина ғылымдарының докторы, профессор – Амангелді Тыныбеков;
3) Шалқар аграрлық-техникалық колледжінің директоры, Шалқар ауданының құрметті азаматы Жеткерген Елемесов;
4) Ауған соғысының ардагері, «Құрмет» орденінің иегері — Марат Қойлыбаев;
5) Шалқар ауданы ішкі істер бөлімінің ардагері – Қонысбай Дәулеталин;
6) М.Қоқанұлы мешітінің бас имамы – Бақыт Тойчибаев;
7) «Нұр Отан» партиясы Шалқар филиалының кеңесшісі — Нұрболат Мұрсалов;
8)ҰОС ардагері, партизан Әбдіғали Төлегеновтың жиені, ғылыми кеңес мүшесі Насанбаева Жанар Темірханқызы.
Рухани азық алар бала тәрбиесін басты орынға қоюға, қоғамдағы әке рөлін бірлесе күшейтуге берілген кеңестерінен алар тағылымы мол телекөпір өтті.
«Әкеге бағыну – тәңірге бағыну»
