«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»


Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл», Қажымұхан Мұңайтпасұлының – 150 жылдығымен түспа-тұс келген Шалқар ауданының құрметті азаматы, Самбо күресінен Ақтөбе облысы бойынша тұңғыш спорт шебері, гир спортынан ардагерлер арасындағы Әлем Европа чемпионы, музей жанынан құрылған «Тарих-халық зердесі» атты ғылыми кеңес мүшесі, ардагер Төлебаев Аманғали Төлебайұлының 80 жасқа толуына орай «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты тақырыпта Аманғали ағайдың спорт саласындағы жетістіктерін жасөспірімдерге үлгі ету, жастарды достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу, танымал тұлғаларды насихаттау мақсатында облыстық семинар өтті. Семинар барысында Аманғали Төлебайұлының өмірбаяны туралы естеліктерден бейнеролик көрсетіліп, сұхбат жүргізілді.
Шараға ғылыми кеңес мүшелері, туыстары, достары, музей қызметкерлері, Ақтөбе қаласынан арнайы келген қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы Ақтөбе облысының аға жаттықтырушысы Естаев Жанболат Базарбекович қатысты.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *