Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің экскурсия жүргізушісі А.Куанжанова мен Шалқар ауданаралық әділет басқармасының бас маманы А.Бахытбекованың бірлесе ұйымдастыруымен қаламыздағы Ә.Жангелдин атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушыларының қатысуымен ZOOM платформасы арқылы «Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында мекеме қызметкерлері мен оқушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу туралы әңгіме қозғалып, оқушылар тарапынан сауалдар қойылып, өзара пікірлесті және мектеп оқушыларына 3Д форматында музей бөлімдеріне виртуалды экскурсия жүргізілді.
«Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті» дөңгелек үстел
