Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ленин, екі мәрте Еңбек Қызыл ТУ, «Құрмет белгісі» орденінің иегері, биші — Шара Жиенқұлованың 110 жылдығына орай №6 жалпы орта білім беретін мектептің 7 сынып оқушыларына сынып жетекшісі А.Исмагулованың жетекшілігімен музейдің кіші ғылыми қызметкері Г.Сейлова «Шара Жиенқұлова – қазақ би өнерінің ханшайымы» тақырыбында лекция оқып, слайт көрсетілді.