15ақпан Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің қор сақтаушы қызметкері А.Куанжанова мен Ә.Жанкельдин атындағы мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Ермағанбетовтың бірлесе ұйымдастыруымен Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым ету, есімдерін қастерлеу, оқушыларды патриоттыққа, рухани адамгершілікке , аға буын өкілдерін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында «Ауған жерінен елге аман оралған жауынгерлер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға аудандық Ауған ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеген Пірімжар, соғыс ардагерлері Алдияров Жексенбай, Жеңсікбаев Қайрат, Ахмет Әбуғали , Ә.Жанкельдин атындағы мектеп оқушылары мен ұстаздары және музей қызметкерлері қатысты. Мектеп директоры Әлия Оспанова ауған соғысы ардагерлерін мерекелерімен құттықтап , ұйымдастырушыларға өз алғысын жеткізді. Шара барысында қонақтарға оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, патриоттық әндер орындалып, мектеп жанынан құрылған «Мың бала» патриоттық клуб оқушылары әскери дайындық жаттығуларын көрсетті. Музейдің қор сақтаушы қызметкері А.Куанжанова «Еске алайық отқа оранған он жылды» тақырыбында лекция оқып, музей қорынан жасақталған «Интерноционалист жауынгерлер есімізде» атты көрмеге шолу жасады.