Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы Шалқар ауданының Саз мектебінде Қазанғаптың киелі мұрасы мен өмірін зерттеген күйші Садуақас Балмағанбетовтың-80 жылдығына орай «Күй құдіретіне табынған жан» тақырыбында күй кеші өтті.
Кештің шымылдығы Саз мектебінің оқушылар ансамбілінің орындауында «Шыныаяқ тастар» күйімен ашылды. Кеш барысында музейдің кіші ғылыми қызметкері Г.Сейлова «Тірі Қазанғап» атанған С.Балмағанбетов туралы айтып берді. Кеш әсерлі өтті.