Біздің қазіргі заманымызға дейін жеткен асыл мұраларымыздың бірі-қолөнер. Міне, осындай қолөнермен айналысып хас шебер атанған Шалқарлық Айдос Мұратовтың 140 жылдығына орай артына өшпестей етіп із қалдырған шеберлігін болашақ ұрпаққа насихаттау, үлгі ету мақсатында 19 наурыз Шеберлік күніне орай «Хас шебердің қайталанбас қолтаңбасы» тақырыбында ұрпақтарымен кездесу кеші өтті. Кешке шебердің ұрпақтары Өталин Шамшан ата мен Мұратов Атағұлла Ильясұлы қонақ ретінде шақырылып, кездесуге қатысқан оқушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп , сүбелі сұхбат жасалды.