«Наурыз шуағы»  мерекелік онкүндікке арналған аудандық іс –шара


«Наурыз шуағы»  мерекелік онкүндікке арналған аудандық іс –шара жоспарына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасының  орындалуын талқылау , ұсыныс –пікір алмасу мақсатында «Рухани жаңғыру қазіргі кезеңдегі  ұлттық мәдениеттің  жаңа көкжиектері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шалқар аудандық тарихи –өлкетану музейінде «Наурыз шуағы»  мерекелік онкүндікке арналған аудандық іс –шара жоспарына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасының  орындалуын талқылау , ұсыныс –пікір алмасу мақсатында «Рухани жаңғыру қазіргі кезеңдегі  ұлттық мәдениеттің  жаңа көкжиектері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге музей жанынан құрылған «Тарих –халық зердесі»  атты ғылыми кеңес мүшелері,ауданаралық әділет басқармасының  бас маманы  А.Бахытбекова, орталық кітапхана қызметкерлері және №5 мектеп лицейінің «Адал ұрпақ» клубының  мүшелерінің қатысты.

Музей жұмысында  көрермен санын арттыру, экспонат жинауға жұмылдыру барысында  өткізілген дөңгелек үстелде:

      Ақтөбе облысы бойынша музейлер арасында алғашқы боп сандық форматқа көшіп, музей қорындағы экспонаттар туралы нақты деректер алу және 3Д виртуалды экскурсияға  мүмкіндік  жасалғандығы ;

      Көршілес Қазалы аудандық Ғ.Мұратбаев атындағы мемориалдық  және Ырғыз аудандық тарихи-өлкетану музейімен, Кішіқұм ауылдық округіндегі Қарашоқат  орта мектебі, Шоқысу негізгі орта  мектептерімен  өзара ынтымақтастық меморандуға қол қойылып бірлесе жұмыс жасалып жатқандығы ;

      Аудан тұрғындары мен қала тұрғындары музей қорын толықтыруда аянбай үлес қосуы;

      Шалқар өңірінен шыққан  жерлес профессорлармен, белгілі тұлғалармен, ардақты да аяулы аналарымызбен әртүрлі тақырыптарда өткізілген онлайн сұхбаттар  туралы;

      Аумақтағы  киелі, қасиетті  тарихи орындар , өзіндік  із қалдырған  сәулеттік ескерткіштер , мазар, мешіттерге жұмыс жоспарына сәйкес жасалған экспедиция  жұмыстары туралы  мәселелер талқыланды .

Дөңгелек үстелге барлығы: 17 адам қатысты.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *