14 Наурыз – Көрісу мейрамы


14 Наурыз – Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады.

Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман – есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Осындай ұлттық дәстүрімізді сақтап, келер ұрпаққа насихаттап жеткізу мақсатында Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен 14 наурыз көрісу күніне орай қаладағы қоғамдық көліктерге шығып, тұрғындармен осы мереке туралы сұхбат жүргізілді. Осы сұхбат барысында қала тұрғындары мен қонақтарына осы күннің маңыздылығы қандай?, Жасың құтты болсын деп тойланатын бұл мейрам жайлы пікіріңіз қандай? деген т.б сауалдар қойылып, тұрғындар өздерінің пікірлерін білдірді. Көрісу мейрамы туралы ақпарат беретін бүктемелер таратылды. Барша қала тұрғындарын көрісу мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!  Салт-дәстүрімізді насихаттап, ұмытпайық.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *