Тауман Алыбайұлы Төрехановтың 90 жасқа толуына орай «Тегіне тартып туған Тауман» тақырыбында өткізілген әдеби кеш.
«Қаламның Геркулесі» атты көрме.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген басты мәселердің бірі –ұлттық ерекшелік, ұлттық құндылықтар екендігі белгілі.
Міне ,осыған орай бүгінгі күні ұлттық болмысымыз бен төлтума мәдениетімізді, рухани құндылықтарымызды сақтап, жаһандану үрдісінде бет -бейнемізді жоғалтпай жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды сабақтастықпен жеткізу мақсатында киелі де қасиетті Шалқар өңірінде дүниеге келген, тарихымызда есімі алтын әріптермен жазылған жерлес жазушымыз Тауман Алыбайұлы Төрехановтың 90 жасқа толуына орай Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі мен Шалқар аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің бірлесе ұйымдастыруымен «Тегіне тартып туған Тауман» атты әдеби кеш өткізілді. Кеш барысында тау аға Тауман туралы көз көрген Шалқарлықтар естеліктер айтып, қарт жазушыға тілектес жүрекжарды лебіздерін білдіріп, видеоролик көрсетілді.
Сонымен қатар музей қорында сақталған Тауман Алыбайұлының қолжазбалары, құжаттары, кітаптары, фото суреттерінен «Қаламның Геркулесі» тақырыбында жасақталған көрмені тамашалаған кеш қонақтары мен мектеп оқушыларына музейдің экскурсия жүргізушісі А.Куанжанова шолу жасады.