«Ауғанстан — біздің есімізде» тақырыбындағы облыстық семинар №6 жалпы орта білім беретін мектебінде жалғасын тапты.Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің басшысы Н.Тлембаеваның ұйымдастыруымен өткізілген «Ауғанстан — біздің есімізде» тақырыбындағы облыстық семинар қонақтары Ауған соғысының ардагері, интерноционалист жауынгер Тұрғанбаев Имамадиннің ескерткіш тақтасына тағзым етіп гүл шоқтарын қойды.
Семинардың жоспарланған келесі бөлімінде қонақтар қаламыздағы №6 жалпы орта білім беретін мектепте «Жеңіс» аллеясына гүл шоқтарын қойып, аулаға салтанатты түрде естелік ретінде қарағай отырғызу рәсімін жасады. .
Ақтөбе облысы Ауған соғысы ардагерлерінің ассоциясы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Қойлыбаев пен Шалқар ауданының әкімінің орынбасары Қ.Ақшолақов №6 жалпы орта білім беретін мектепте инклюзивті оқыту кабинетін салтанатты түрде ашты.
«Патриотизм-ұлы қасиет» тақырыбында Ақтөбе облысы Ауған соғысы ардагерлерінің ассоциясы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Марат Қойлыбаев кездесу кеші өтті.