«Болашаққа сенемін»сурет салу сайысы
Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінің жұмыс жоспарына сәйкес аудандық психологиялық- педагогикалық түзеу кабинетіндегі мүмкіндігі шектеулі балалардың бойындағы қабілетін арттыру , өзін қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынас жасауға бейімдеу,өнерге баулу мақсатында музейдің экскурсия жүргізушісі А.Куанжанованың ұйымдастыруымен «Болашаққа сенемін» тақырыбында сурет салудан сайыс өткізілді.Сайыс барысында оқушылар өздерінің болашаққа деген сенімін сурет арқылы жеткізе білді.Сайыс соңында оқушыларға шағын сыйлықтар жасалды.