Жарық еткен жасын ғұмыр


Жарық еткен жасын ғұмыр. Тұла бойы ерен күшке толы, Шалқар қаласының ардақты азаматы, Грек – рим күресінен халықаралық дәрежедегі КСРО спорт шебері, КСРО халықтары спартакиадасының чемпионы, Әлем Чемпионатының және Әлем Кубогінің күміс жүлдегері Батырғарин Есенгелді Мұхамбетшәріпұлының 50 жасқа толу мерейтойына орай салауатты өмір салтын ұстану, өлкеміздің мақтанышы Есенкелдінің спорттағы жетістігін болашақ ұрпақтарға насихаттау мақсатында «Ер мінезді Есенгелді Батырғарин» тақырыбында Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі және аудандық кітапхананың бірлесуімен еске алу кеші өткізілді. Кешке Есенгелді Батырғаринге тәлім – тәрбие берген ұстазы Симбетов Жеңсікбай, бапкер әрі бірге жүрген жолдасы Серік Жоламанов, ұстазы Батырғарина Ділдаш, жанында сырлас болған бауырлары, бірге оқыған сыныптастары арнайы қатысып мақтанышпен еске алды. Кеш өте әсерлі өтті.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *