«Ескерткіштер сыр шертеді» тақырыбындағы видео роликке шолу


2021 жылғы 25 қаңтардағы «Қазақстан Республикасы ТЖМ Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық –құтқару жұмыстары қызметі» ММ ақпараттық кеңесінің №3 хаттамасына сәйкес «Бөлім қызметкерлерінің музейге баруын ұйымдастыру» жұмысына орай қызметкерлердің өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, туған жердің тарихын тереңінен ұғындыру мақсатында Ақтөбе облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Шалқар ауданындағы №7 ӨСБ бастығы, азаматтық қорғау майоры Е.Баймұханов бастаған мекеме қызметкерлері музейде қонақта болды. Музейдің экскурсия жүргізушісі А.Куанжанова музей бөлімдеріне жүргізген экскурсия барысында музей жанынан құрылған «Тарих-халық зердесі» атты ғылыми кеңес пен «Өлкетанушылар» секциясының өлкеміздегі тарихи ескерткіштерге жасаған экспедиция жұмыстарынан музей қызметкері Г.Кабибуллаева дайындаған «Ескерткіштер сыр шертеді» тақырыбындағы видео роликке шолу жасады.
Өрт сөндіру  мекемесінің басшысы мен қызметкерлері музей жұмысына өз ризашылықтарын білдірді.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *