Құрметті: Шалқар ауданының әкімі Жанболат Өтеғұлұлына,
Шалқар қаласының әкімі Тұрлан Ғанибетұлына!
Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі басшысы, ұжым қызметкерлері және «Тарих-халық зердесі» атты ғылыми кеңес пен «Өлкетанушылар» секциясы мүшелері Шалқар өңіріндегі тарихи ескерткіштерге жасалған экспедиция жұмыстарын LED экран арқылы барша Шалқарлықтардың назарына ұсынылғанына жүрек жарды ризашылықтарын білдіреді.
Шалқар жері тарихи ескерткіштерге бай өлке екендігін мақтанышпен айта аламыз. Міне, осындай тарихи ескерткіштерді болашақ ұрпаққа насихаттау, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, өзінің туған жерінің тарихын тереңінен түсіндіру мақсатында музей басшысы Н.Тлембаеваның басшылығымен құрылған «Тарих-халық зердесі» атты ғылыми кеңес пен «Өлкетанушылар» секциясы мүшелерінің өлкеміздегі тарихи орындарға жасалған экспедиция жұмысы, кеңес мүшелерінің отырысы, мәдени іс шаралар осы LED экран арқылы аудан жұртшылығының назарына ұсынылуда.