Ата –бабаларымыздың өткеніне ден қойып, тарих қойнауына үңіліп, сыры мен шындығына толық қанығу үшін ең алдымен қазынаға толы кітапты оқу, одан соң тарихи орын музейге келіп өзін –өзі сауаттандыру бұл дегеніңіз адам баласының рухани бай екендігінің айғағы.
Міне, осы орайда Бозой елді мекенінің тұрғыны, көп балалы ана Төлебаева Гүлмира Бозой орта мектебінің 6-шы, 4-ші сыныптарында оқитын Бисенов Нұрғали мен Қанғали есімді балаларын қызып жатқан қарбалас тіршілікке қарамастан арнайы уақытын бөліп Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде болып, Шалқар ауданының өткені мен бүгінгі тарихымен танысты.
Балаларымыздың жан дүниесінің рухани баюына, кітап оқып көкірегін оятуға, ата — баба тарихын ұмытпауға үнемі өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.