Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейі жанынан 2020 жылы құрылған «Болашақ тарихшылар» клубы жоспарға сай өз жұмысын жалғастыруда. Осыған орай ағымдағы жылдың жұмыс жоспарына сәйкес оқушыларға ата-бабамыздан қалған үй жиһаздары сандық, кебежелердің шығу, жасалу, тұрмыстағы қолданысы туралы мәлімет беру, іскерлік пен шеберлікке баулу мақсатында «Көнеден қалған құнды көз» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді. Оқушылар түрлі-түсті қағаздардан сандықтар жасап, музей қызметкері Г.Қабибуллаева жасалу технологиясы туралы мәліметтермен таныстырды.
«Болашақ тарихшылар» клубы
