Шалқар аудандық тарихи – өлкетану музейінде ҚР Президенті Қасым -Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бастамалық бағдарламалық мақаласы талқыланды. Мақалада ел тәуелсіздігінің 30 жылдығын шартты түрде үш онжылдық белеске бөліп қарастыра келіп, алдағы төртінші онжылдықта қуатты елдің иесі және кемел халық болуды назарға алды. Алда ұлттың жаңа болмысын қалыптастырып, әділетті қоғам мен тиімді мемлекет құру көзделіп отыр. Қазіргі таңда музей жұмысында мақалада көрсетілгендей тақырыптық ғылыми – әдістемелік ұсынымдармен жаңа жоспарлар құрылуда.
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бастамалық бағдарламалық мақаласы
