«Ең үздік мұрағатшы» және «Үздік мектеп музейі-2014» байқау-семинары


Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Музейдің жас ұрпақ бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы атқаратын ролі» атты тақырыпта «Ең үздік мұрағатшы» және «Үздік мектеп музейі-2014» байқау-семинары өткізілді.

Музей заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтежелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Музей ғылымның,білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді.
Музей ісін насихаттау барысында «Музейдің жас ұрпақ бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы атқаратын ролі»атты тақырыпта «Ең үздік мұрағатшы» және «Үздік мектеп музейі-2014» байқау-семинары болып өтті. Байқау-семинар мектеп музейінің жұмыс белсенділігін арттыру мен тәжірибе тарату, рухани адамгершілік, отансүйгіштік, құқықтық тәрбиесін насихаттап жүрген мұражайда жұмыс жасайтын мұрағатшылардың озық іс-тәжірибесін тарату мақсатында өткізілді.

Байқау-семинарды білікті басшы, жаңашылдыққа жаны құмар мекеме директоры Тлембаева Нағима Шенекуловна мұрағатшыларға сәттілік тілеп, байқау шарттарымен кеңінен таныстырып, байқау-семинардың ашылу рәсімін жасады. Байқау-семинар қала, ауыл мектеп мұрағатшыларының арасында өтті. Сайысқа барлық типтегі мектептер қатысты. Білім, өнер бәйгесінде сыналған мұрағатшылар өздерінің сауаттылығын, еңбекке деген құлшыныстарын сайыста көрсете білді.

Байқау-семинарға Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің этнография және археология бөлімінің меңгерушісі Айнұр Мақсатқызы және аудан, кәсіпорын басшылары, музей ардагерлері, мектеп директорлары, музейдің көркеюіне атсалысқан демеушілер қатысты. Байқау барысында №2 мектеп-гимназия мұрағатшысы Қ.Д.Мұрзалина «Ең үздік мұрағатшы», №4 орта мектеп «Үздік мектеп мұражайы–2014», №7 орта мектеп «Қазыналы мектеп мұражайы», І.Үргенішбаев атындағы орта мектеп «Шежірелі мектеп мұражайы», №8 жалпы орта білім беретін мектеп «Жаңашыл мектеп мұражайы» номинацияларымен марапатталды. №1 орта мектеп мұрағатшысы Г.Қ.Кеңесова 1-ші орын, М.Тәжин атындағы орта мектеп мұрағатшысы Ж.Қ.Сүндетбаева 2-ші орын, Бозой орта мектеп мұрағатшысы Л.Қ. Қуанышева 3-ші орынды қанжығаларына байлап, сыннан сүрінбей өтті. Байқау – семинар кең көлемде, өз дәрежесінде өтті. Бұл байқау-семинар мұрағатшыларымыздың шығармашылық мерекесі іспеттес, келер ұрпаққа берер тәрбиесі мол.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *